Семинар-практикум: «Балабақшадағы психологиялық-педагогикалық қолдау қызметін нығайту» » ГККП "Ясли сад №109"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№109 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Меңгеруші:
+7(727) 291-43-65
Әдіскер:
+7(727) 291-65-14
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Семинар-практикум: «Балабақшадағы психологиялық-педагогикалық қолдау қызметін нығайту»
12
наурыз
2025

Семинар-практикум: «Балабақшадағы психологиялық-педагогикалық қолдау қызметін нығайту»

Семинар-практикум: 
«Балабақшадағы психологиялық-педагогикалық қолдау қызметін нығайту»

Балабақшада психологиялық-педагогикалық қолдау сапасын арттыру мақсатында семинар-практикум өткізілді. Шараны мектепке дейінгі ұйымның психологы Байдекенова Р.К. ұйымдастырып, өткізді. Семинар барысында тәрбиешілерге, мамандарға және қызметкерлерге балаларды психологиялық тұрғыдан қолдаудың заманауи тәсілдері, мінез-құлық ерекшеліктерімен жұмыс істеу жолдары, ата-анамен тиімді қарым-қатынас орнату әдістері таныстырылды.

Практикалық бөлімде қатысушылар балалардың эмоциялық жағдайын анықтауға арналған жаттығуларды, релаксациялық әдістерді, ойын терапиясының элементтерін және қиын жағдайларда қолданылатын қолдау тәсілдерін тәжірибе жүзінде орындап көрді. Әр маман өз жұмысында қолдануға болатын тиімді құралдармен толықты.

Семинар-практикум жоғары деңгейде ұйымдастырылып, тәжірибе алмасу алаңына айналды. Қатысушылар ұсынылған материалдардың өзекті әрі пайдалы екенін атап өтті.

Шараны өткізуге қолдау көрсеткен балабақша меңгерушісі Курмамбаева О.М. ұжым жұмысының сапасын арттыруға бағытталған маңызды бастамаларға жағдай жасап келеді.
Семинар-практикум педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттырып, психологиялық-педагогикалық қолдау қызметін нығайтуға оң ықпал етті.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив