Біздің топ
"Кітап -біздің досымыз"тақырыбында ересектер "Тұлпар" тобында ашық оқу қызметі өтті.Балалар кітап жайында ,оның пайдасы ,берер қазынасы жайында көп нәрсе білді. Әженің ауылына қонаққа барып,бесік жырын тыңдап ,әдеби шығармалармен танысты.Балалар ақын-жазушылардың шығармаларымен таныса отырып жаттаған өлең ,тақпақтарын айтып берді.Тәрбиеші кітаптың орасан зор пайдасын айта отырып,ата-аналарымен көбірек ертегі оқып,тыңдауға шақырды.