08
желтоқсан
2025
Шебер-класс: «Робототехниканы пайдалану арқылы балалардың шығармашылық қиялын дамыту»
«Робототехниканы пайдалану арқылы балалардың шығармашылық қиялын дамыту» тақырыбында шебер-класс ұйымдастырылып, өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – педагогтерге робототехника құралдарын қолдана отырып, балалардың креативті ойлауын, техникалық қабілеттерін және шығармашылық қиялын дамытуға арналған тиімді әдіс-тәсілдерді көрсету.
Шебер-классты робототехника педагогы Пославская Я.А. жүргізді. Ол қатысушыларды робототехниканың заманауи мүмкіндіктерімен таныстырып, балаларға бағытталған практикалық тапсырмалардың үлгілерін көрсетті. Сонымен қатар, роботтарды құрастыру, бағдарламалау, логикалық ойлауды дамыту және шығармашылық тапсырмаларды интеграциялау бойынша әдістемелік ұсыныстар берілді.
Шебер-класс барысында педагогтер тәжірибе алмасып, робототехниканы оқу процесіне енгізудің тиімді жолдарын талқылады. Іс-шара шығармашылық атмосферада өтіп, барлық қатысушылар үшін пайдалы кәсіби тәжірибе болды.