«Баланы балабақшаға қалай дайындаймыз? 2–3 жастағы балалардың даму
«Баланы балабақшаға қалай дайындаймыз? 2–3 жастағы балалардың даму ерекшеліктері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Кездесу барысында балалардың жас ерекшеліктеріне сай психологиялық және физикалық дамуы, балабақшаға бейімделу кезеңінің маңызы жан-жақты талқыланды. Ата-аналарға баланы балабақшаға дайындау жолдары, күн тәртібін қалыптастыру, өз-өзіне қызмет ету дағдыларын дамыту туралы ұсыныстар берілді. Сонымен қатар, ата-аналар өз сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауаптар алды.