19
ақпан
2025
Тәжірибелік алаң: «Табысты балабақша» имиджін қалыптастырудағы инновациялық қызмет»
Тәжірибелік алаң жұмысы аясында «Табысты балабақша» имиджін қалыптастырудағы инновациялық қызмет» тақырыбында педагогтерге арналған іс-шара өткізілді. Шара барысында мектепке дейінгі ұйымдардың оң имиджін қалыптастыруға бағытталған инновациялық әдістер, тиімді коммуникациялық тәсілдер және ата-аналармен серіктестікті дамыту жолдары талқыланды. Қатысушылар балабақша қызметін жаңғыртудағы заманауи трендтермен танысып, бір-бірімен тәжірибе алмасты.
Іс-шараға №107, №116, №125 бөбекжай-балабақшаларының педагогтері қатысып, шығармашылық көзқарас пен жаңа технологияларды қолданудың маңыздылығын атап өтті. Кәсіби пікірталас форматында өткен кездесу педагогтердің құзыреттілігін арттыруға ықпал етіп, білім беру ұйымдарының имиджін нығайтудағы тиімді тәжірибелерді анықтауға мүмкіндік берді. (әлеуметтік желідегі сілтеме орны)