02
маусым
2025
Ашық есік күні: «Тәрбиелеу білім беру үрдісінде ата – аналармен жұмысты ұйымдастыру жолдары»
Топта «Тәрбиелеу-білім беру үрдісінде ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру жолдары» тақырыбында Ашық есік күні өткізілді. Іс-шараның мақсаты – ата-аналарды балабақшадағы тәрбие-білім беру процесімен таныстыру, педагог пен ата-ананың өзара серіктестігін нығайту және балалардың дамуына арналған ортақ жұмыс бағыттарын көрсету болды. Ата-аналар тәрбиешімен бірге топта жүріп, оқу іс-әрекеттерінің ұйымдастырылуын бақылап, балалармен бірге ойындар мен шығармашылық жұмыстарына қатысты.
Кездесу барысында тәрбиеші қолданылатын әдіс-тәсілдер, дамытушы орта және ойын технологиялары туралы толық ақпарат берді. Ата-аналар өзара пікір алмасып, балалардың даму ерекшеліктері бойынша сұрақтар қойып, тәрбиешімен ашық диалог жүргізді. Ашық есік күні ата-аналардың педагогикалық үдеріске қызығушылығын арттырып, балабақша мен отбасы арасындағы серіктестікті нығайтты.