10
желтоқсан
2025
«Жас метеоролог» жобасы
«Жас метеоролог» жобасы
Мектепалды тобы «Тұлпар» және «Знайка»
«Жас метеоролог» жобасы аясында мектепалды топтың тәрбиеленушілері бірнеше күн бойы ауа райын бақылау және табиғи құбылыстарды зерттеу жұмыстарын жүргізді. Балалар аулаға шығып, ауа райының өзгерістерін, желдің бағытын, температураны және аспанның күйін бақылауды үйренді.
Жоба барысында балалар әртүрлі қар түрлерін зерттеп, оның қасиеттерін салыстырды. Ең қызықты кезең – қарды микроскоппен қарау болды. Балалар қар кристалдарының ерекше пішіндерін көріп, олардың бір-біріне ұқсамайтынын байқады.
Жұмыс нәтижесінде тәрбиеленушілер:
•бақылау дағдыларын дамытуға;
•табиғи құбылыстарға қызығушылық арттыруға;
•зерттеушілік қабілеттерін шыңдауға мүмкіндік алды.
Жоба балалардың белсенді қатысуымен мазмұнды және танымды түрде өтті.