20
қараша
2025
Шығармашылық алаң: Мобильді кітапхана жобасы аясында: «Бір отбасы – бір кітап»
Қараша айының 20-жұлдызында мобильді кітапхана жобасы аясында «Бір отбасы – бір кітап» тақырыбында шығармашылық алаң өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – отбасыларды кітап оқуға тарту, бала мен ата-ананың оқу процесіне белсенді қатысуын қамтамасыз ету және оқуға деген қызығушылықты арттыру болды. Қатысушыларға кітап таңдаудың әдістері, оқуды қызықты ету жолдары, мобильді кітапхана қызметімен танысу және баламен бірге оқу тәжірибесін ұйымдастыру бойынша кеңестер берілді.
Іс-шара барысында әр отбасы өзіне ұнайтын кітапты таңдап, оны бірге оқып, талқылауға қатысты. Қатысушылар оқылған кітап бойынша пікір алмасып, шығармашылық тапсырмалар орындады: өз оқиғаларын суреттеп, қысқа әңгімелер жазды. Жоба қатысушылары мобильді кітапхананың мүмкіндіктерін жоғары бағалап, баламен бірлесіп оқу процесін ұйымдастырудың маңыздылығын атап өтті. Іс-шара отбасы мен баланың арасындағы байланысты нығайтуға, оқу мәдениетін дамытуға және шығармашылық қабілеттерді жетілдіруге ықпал етті.