15
сәуір
2026
«Бабалар мұрасы – балаға аманат» тақырыбында ойындар спартакиадасы
15 сәуір күні №109 бөбекжай-балабақшасы Құзыреттілік орталығының жоспарына сәйкес «Бабалар мұрасы – балаға аманат» тақырыбында ойындар спартакиадасы өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – ұлттық ойындарды насихаттау, салауатты өмір салтын қалыптастыру, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту және тәрбиеленушілердің ептілік, жылдамдық қасиеттерін дамыту болды.
Спартакиадаға ересек «Қарлығаш» және «Пчелка» топтарының тәрбиеленушілері мен әкелері белсенді қатысып, өздерінің ұйымшылдықтарын, шапшаңдықтарын және белсенділіктерін көрсетті. Қатысушылар барлық кезеңдерге көтеріңкі көңіл-күймен қатысып, ерекше әсер алды.
Тәжірибе алмасу мақсатында қонақ ретінде №110 бөбекжай-балабақшасы дене тәрбиесі нұсқаушысы Нүсіпақын Ж.Б., №156 бөбекжай-балабақшасы дене тәрбиесі нұсқаушысы Конселхан М. және №166 бөбекжай-балабақшасы дене тәрбиесі нұсқаушысы Байбосынов А.А. қатысып, әділ бағаларын берді.
Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар мен қонақтар тарапынан жақсы пікірге ие болды. Осындай мазмұнды шараның өтуіне атсалысқан ата-аналарға, әділқазылар алқасына және балабақша ұжымына шынайы алғыс білдіреміз.