24
сәуір
2026
«Тұлпар» мектепалды тобында «Сіздің балаңыз – 1-сынып оқушысы» тақырыбында ата-аналар жиналысы
24 сәуір күні «Тұлпар» мектепалды тобында Құзыреттілік орталықтың жоспарын сәйкес «Сіздің балаңыз – 1-сынып оқушысы» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді.
Жиналыстың мақсаты – ата-аналарға балалардың мектепке бейімделу кезеңіндегі психологиялық ерекшеліктері туралы ақпарат беру, мектеп пен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты нығайту және балаларға қолдау көрсету жолдарын түсіндіру болды.
Іс-шараға №53 мектеп бастауыш сынып мұғалімі Маржан Амангелдиевна қатысып, ата-аналарға 1-сынып оқушыларының оқу процесіне бейімделуі, күн тәртібін ұйымдастыру, баланың қызығушылығын арттыру және эмоционалдық қолдау көрсету туралы пайдалы кеңестер ұсынды.
Жиналыс барысында ата-аналармен пікір алмасу жүргізіліп, балалардың мектепке дайындық деңгейі, оқу мотивациясы және тәртіп мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, ата-аналарға балаға жылы қарым-қатынас танытып, жетістіктерін үнемі мадақтап отырудың маңыздылығы айтылды.
Жиналыс өз мақсатына жетіп, ата-аналар тарапынан жақсы қолдау тапты.
Тәрбиеші: Жомартова Ф.Б.