27
наурыз
2026
Семинар практикум "Балабақшадағы психолгиялық-педагогикалық қолдау қызметін нығайту" (балабақша психологтарына)
«Балабақшадағы психологиялық-педагогикалық қолдау қызметін нығайту» тақырыбында Zoom онлайн платформасы арқылы №107, №106, №141 және №109 балабақшаларының психологтарының қатысуымен семинар-практикум өткізілді.
Семинар-практикум барысында мектепке дейінгі ұйымдардағы психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің маңыздылығы жан-жақты қарастырылды. Теориялық бөлімде баланың эмоционалдық әл-ауқатын сақтау, қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыру, педагог-психологтың кәсіби құзыреттілігін арттыру мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар қатысушыларға психологиялық сүйемелдеудің негізгі бағыттары, түзету-дамыту жұмыстарының тиімді әдістері, ата-анамен және педагогтермен өзара әрекеттесу жолдары туралы ақпарат берілді. Теориялық бөлім тәжірибелік тапсырмалармен ұштасып, мамандар арасында тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасады.
Іс-шара барысында мамандар өз тәжірибелерімен алмасып, психологиялық қолдау көрсету бағытындағы заманауи әдіс-тәсілдерді талқылады. Семинар кәсіби ынтымақтастықты нығайтып, нәтижелі кері байланыс алаңына айналды.
Қатысушы әріптестерге белсенділік пен тәжірибе бөліскендері үшін алғыс білдіреміз!